Жас инспекторлар жеңіспен оралды

57

0

Жас инспекторлар жеңіспен оралдыҚызылорда қаласының темір жол вокзалында жол қозғалысының жас инспекторлары республикалық слетының жүлдегерлерін Қызылорда ОІІД басшылығы мен облыстық білім басқармасының өкілдері қошеметпен қарсы алды. 
Өскемен  қаласында өткен халық қаһарманы,  Ғазиз Байтасов құрметіне арналған Республикалық жол қозғалысы жас инспекторларының слетына Қазақстанның барлық өңірлерінен  және сонау Ресей, Тәжікстан елдерінен келген аймақтық жарыстардың жеңімпаздарынан құралған жас инспекторлар қатысты. Ал Сыр өңірінен үкілі үміттерін арқалап келген Сырдария ауданының № 210 О.Әбілпаттаев атындағы орта мектептің жас инспекторлары жүлделі ІІ орынды иеленді.  
Қызылорда ОІІД Баспасөз қызметі мәліметіне сүйенсек, А. Матросов атындағы балалар сауықтыру базасының негізінде өткізілген сайысқа қатысқан 200-ге жуық жеткіншек білімдерін шыңдап қана қоймай, демалуға мүмкіндік алды. Слет бағдарламасында саптық байқау, жас реттеуші, жол қозғалыс ережелерінің білгірлері, жас санитар, жас білгір, үгіт бригада байқауы, командирлер байқауы және қауіпсіз дөңгелек номинациялары бойынша сайыстар қарастырылған. Өткізілген конкурстар жас жеткіншектердің мәдениеттілігін қалыптасыруға ықпал жасаса, жас азаматтардың денсаулықтары мен өмірлерін сақтауда көмегін тигізуде.  Жыл сайын өткізілетін бұл сайыстың мақсаты – балалардың жол қозғалысы ережелері жөніндегі білімдерін пысықтап, оны әдеттегі өмірде қолданысқа енгізу,  балалар және жасөспірімдердің қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының алдын алу.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз