Жас карикатурашылар сайысқа түсті

145

0

Жас карикатурашылар сайысқа түстіЖалағаш. Жалағаштың жас суретшілері күлкі күнінде танымал жұлдыздарды карикатурамен айнытпай салды. Бұл карикатуралық суреттер сайысы аудандық оқушылар үйінде «Өмірдің қисық айнасы – Карикатура» тақырыбында оқушылар арасында өткізілді. Оны аудандық ішкі саясат бөлімі мен «Темірқазық» ЖҚБ-нің ұйымдастырды. 
Сайыс қорытындысы бойынша № 246 орта мектептің оқушысы Әлихан Жаханша үздік деп танылса, № 201 орта мектеп оқушысы Мереке Нұрғали мен № 31 орта мектеп оқушысы Ұлжан Көбен одан кейінгі орындарды өзара бөлісті.  Сонымен қатар, № 246 орта мектеп оқушысы Нұрдәулет Мергенбай «Сыншыл сурет шебері», № 201 орта мектеп оқушысы Абзал Сансызбай «Күлкілі сурет шебері», номинациясы бойынша № 246 орта мектеп оқушысы Бақберген Сапарғали «Ұшқыр қиялды суретші» номинациясымен марапатталды. Суретшілер сайыс барысында еліміздің танымал әншісі Лұқпан Жолдасовтың және әлемге белгілі киноактер Уил Смиттің бейнелерін карикатурамен айнытпай салды.