Жас кәсіпкер «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы шеңберінде қайтарымсыз 2 млн. теңге қаражатқа қол жеткізді

70

0

Жас кәсіпкер «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы шеңберінде қайтарымсыз 2 млн. теңге қаражатқа қол жеткізді «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы шеңберінде жас кәсіпкерлерге
мемлекеттік грант ұсыну бойынша жарияланған конкурсқа Қазалы ауданынан
Мейрімжан Қаниев құны 3,3 млн. теңге құрайтын «Сувенир өнімдерінің
өндірісін ұйымдастыру» жобасын ұсынған болатын.

Жас кәсіпкер жоба
бойынша өтеусіз және қайтарымсыз негізде 2 млн. теңге грант қаражатына
қол жеткізді. Осыған дейін қажетті материалдарды сырттан тапсырыс арқылы
алдыратын кәсіпкер енді сувенир өнімдерінің өндірісін ұйымдастыруды
жоспарлап отыр. Бұл туралы аудандық әкімдіктің баспасөз қызметі
хабарлады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз