
Аудан әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, осы орайда ауданға қарасты Бесарық ауылында «Жастарды қолдау орталығы» аудандық бөлімінің ұйымдастыруымен ауданның жас кәсіпкерлері және белсенділерімен кездесу болып өтті. Кездесу барысында кәсіпкерлікті ашу жолдары, бизнес-жоспар әзірлеу және т.б. мәселелер қозғалып, тиісті жауаптары алынды. Сондай-ақ кездесу соңында ауылдың жас белсенділері облыстық «Жастарды қолдау орталығы» басшысының алғыс хатымен марапатталды.