Жас кәсіпкерлерге арналған кітап шықты

47

0

Жас кәсіпкерлерге арналған кітап шықтыЕлбасымыз Қазақстан халқына Жолдауында жастар үшін қызықты 100 заманауи кітаптың тізімін әзірлеп, оларды қазақ тіліне аудару қажеттігін атап өткен болатын. Осыған орай Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасының ұйымдастыруымен Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап кітапханада «Бизнес биігіне біліммен» тақырыбында кәсіпкерлерге арналған арналған кітаптардың тұсаукесер рәсімі өтті. 
Шараға Қазақстанның жас кәсіпкерлері қауымдастығының төрағасы М.Қожамбек, Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасының директоры Д.Абсаттаров қатысып БАҚ өкілдері мен оқырман сұрақтарына жауап берді.
Қазақстанның жас кәсіпкерлері қауымдастығы жастарды табыстылық жолына бастайтын, әлемдік деңгейдегі кітаптарды қазақ тіліне аудару арқылы жастардың кәсіпкерлікке деген қызығушылығын арттыру мақсатында «Шабыт» жобасын бастаған болатын. Оның алғашқы бастамасы ретінде Қызылорда қаласында Наполеон Хиллдің «Ойлан және байы» кітабы мен Бодо Шефердің «Қаржылық тәуелсіздікке жол» және Петер Друкердің «Друкер күнделігі» атты танымал еңбектері түпнұсқадан қазақ тіліне аударылып, басылып шыққан нұсқасы оқырмандарға таныстырылды. Сонымен қатар «Кіші бизнес үшін 100 жоба» кітабы да жас кәсіпкерлер мен кәсібін бастаймын деушілердің қолына тимек. Аталмыш кітаптардың жас кәсіпкерлерге, өз бизнесін ашуға ниетті жастарға көмегі зор
– Бүгінде облысымызда жеке кәсіп ашамын деушілер мен жас кәсіпкерлердің саны артып келеді. Ал, бізде бизнесті дұрыс жүргізуге көмек беретін қазақ тіліндегі оқулықтар өте аз. Әлемге танымал Питер Друкер, Наполеон Хилл, Бодо Шефер секілді үздік экономисттердің кітаптарын аудару 2011 жылдан бастап қолға алынған болатын. Оған Ұлттық кәсіпкерлер палатасы тікелей мұрындық болуда. Бүгінде игілікті іс жүзеге асып, таратылуда. Біз Астанадан арнайы Қызылорда облысына 1000 дана кітап алдырдық. Соның ішінен 100 дана кітапты Ә.Тәжібаев атындағы облыстық кітапханаға, 100 данасын Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетіне және Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасының «Бизнес мектебіне» келушілерге таратпақпыз, – деді Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасының директоры Дінмұхамед Абсаттаров.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз