ЖАС ҰЛАН ЖАЗЫ ЖАЙДАРЛЫ

40

0

ЖАС ҰЛАН ЖАЗЫ ЖАЙДАРЛЫАрал ауданындағы Қамбаш көлінің жағасында балалардың бос уақытын қызықты және мазмұнды өткізіп, ой-саналарын ұлғайту жолында, ұландардың арасында достық қарым-қатынасты қалыптастыру мақсатында «Жас ұлан жазы жайдарлы» атты балалар фестивалі өтті.
Фестиваль барысында «Дос – туыспыз, бауырласпыз, біргеміз» тақырыбында суретшілер көрмесі ұйымдастырылып, ұландар халықтар достығын бейнеледі. Сонымен бірге, жас өрендер көк аспанда батпырауықтар ұшырып, спорттық жарыстар мен зияткерлік ойындарда өзара бақтарын сынады. Көңілді фестиваль кезінде 200 жас ұлан өз өнерлерімен бөлісіп, 50-ге жуық тәлімгерлері қолдап жүрді. Фестивальдің соңғы күнінде жас ұланның қатары 30 балаға толығып, салтанатты рәсімде олар мойынға көк галстук тағынды. Мұның құрметіне кешке гала концерт өтіп, Аралдан «Мырзалар» , «Алақай» әншілер тобы мен «Ақтолқын» би ансамблі қонаққа келді. Қамбаш көлінің жағасында балалар көңілі қуанышты, жас ұлан жазы жайдарлы өтті.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз