ЖАС ӨЛКЕТАНУШЫЛАР ТАЛАБЫ

98

0

Елбасының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауындағы «Адами капитал – жаңғыру негізі» жетінші тармағын басшылыққа ала отырып, облыстық тарихи-өлкетану музейінде «Жас өлкетанушы» атты музейлік жобасы ұйымдастырылуда.

Жобаның мақсаты – қаламыздағы орта мектептермен тығыз байланыста бола отырып, музей әлеміне балаларды тарту. Сыр өлкесінің бай тарихын насихаттау, ұлттық мұраларымызды түбегейлі зерттеп, бағыт-бағдарларын саралау. Тарихи-мәдени құндылықтарымызды келешек ұрпаққа жеткізіп, жастардың санасына сол құндылықтарға деген құрмет, патриоттық көзқарасты қалыптастыру, өлке тарихына қызығушылығы бар балаларды баулу, үйрету.

Жобаға қаладағы жалпы білім беру мекемелерінің жас зерттеушілері қатыстырылады. Жас өлкетанушылар облыс тұрғындары арасынан, ел тарихы мен мәдениетіне қатысты музейлік маңызы бар құнды жәдігерлерді жинақтап, экспонатқа ғылыми сипаттама жасайды. Сонымен бірге, зерттеген экспонаты жайлы ғылыми тұрғыда толық мағлұмат береді. Облыстық музейдің ғылыми қызметкерлерінен құрылған комиссия мүшелері жас өлкетанушының ғылыми жобасын өзара талқылайды. Талқылау нәтижесінде зерттелген экспонат облыстық музейдің негізгі немесе көмекші қорына өткізілу жайында ұйғарым шығарылады.

Жоба 2 кезеңнен тұрады, бірінші кезең – іріктеу кезеңі, екінші – қорытындылау кезеңі. Жобаның іріктеу кезеңі ұйымдастырылды. Музейлік маңызы бар экспонаттарды іріктеуде арнайы комиссия құрылып, қаладағы №№3, 4, 5 және 8 орта мектеп оқушыларының жинақтаған заттарын комиссияға ұсынды. Алдағы уақытта жоба өз жалғасын тауып, қорытындыланады.

Р.АРЫСТАНБАЙ.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз