
Аудан әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, жыл соңына дейін бөлінген қаржы толықтай игеріліп, 41 маман көтерме жәрдемақы алып, 62 маман баспаналы болды. Ал 2014 жылы біржолғы жәрдемақы үшін 124 маманға 16,1 млн теңге, тұрғын үймен қамтамасыз ету бағытында 65 маманға 181,7 млн теңге республикалық және жергілікті бюджеттен жоспарланған. Ақпан айынан бастап осы қаржылар меже бойынша игерілетін болады.