
Съезде еліміздің барлық облыстарынан 2000-ға жуық делегат қатысты. Біздің облысымыздан 35 делегат және 25 арнайы шақырылған қонақтар барды. Оның ішінде «Жас Отан» жастар қанатының облыстық филиалы кеңесінің мүшелері, аумақтық және бастауыш бөлімшелерінің атқарушы хатшылары, жастар ұйымдарының өкілдері, «Жас Отан» жастар қанатының белсенділері және жұмысшы, жұмыссыз, сонымен қатар ауыл жастары қатысты.
Брифинг барысында «Жас Отан» ЖҚ облысымыздағы филиалының лидері Абылайхан Сабанбаев, жастарды қолдау орталығының директоры Жасұлан Алдабергенов және және өзге де делегат мүшелері съезде өзгертілген «Жас Отан» Жастар қанатының жаңа Жарғысы, «Жастар – Отанға!» бағдарламасы, сондай-ақ ірі республикалық жобалар туралы баяндап берді.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!