Жас полицейлер ант берді

36

0

Жас полицейлер ант бердіТәуелсіздік күні қарсаңында жаңадан қабылданған 25 полиция қызметкері адал және абыройлы қызметті атқаруға, азаматтардың құқығы мен бостандықтарын қорғауға салтанатты түрде ант берді. Мемлекеттік Рәміздер аллеясында өткен шараға департамент басшылығы мен қызметкерлері және ардагерлерінен бөлек жас полицейлердің ата-аналары мен жақындары да қатысты.
Қызметке келген 25 жастың 10-ы жергілікті поли¬ция қызметінің қатарын толықтырса, қалғандары тер¬геушілер, анықтаушылар, кадр қызметкерлері  және жедел уәкілдер. Жас полиция қызметкерінің 3-і қыз бала. Солардың бірі – Эльмира Серікқызы салтанатты шара аяқталысымен кадр жұмысы басқармасына қызметке араласып кетті.  Оның міндеті – қызметкерлердің жеке құжаттарын әзірлеу, қадрлық саясатты жүзеге асыру.
Полиция қызметіне қосылған жас буынды облыстық ішкі істер департаменті бастығының орынбасары, по¬ли¬ция полковнигі Жарас Оспанов құттықтап, өмір жолын халыққа қызмет етумен байланыстырған оларға аза¬маттық борыштарын абыроймен атқаруларына тілектестік білдірді.
Бақтыбай СМАЙЫЛҰЛЫ.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз