
Жарысқа 13 салмақ дәрежесі бойынша 60 спортшы қатысты. Буындары әлі бекіп үлгермеген жеткіншектеріміз өздерінің бар ұрыс тәсілдерін ортаға салды. Іріктеу барысында сайыстың ең кішкентай спортшысы 7 жасар Аружан Сабырханова өзінің қайсар қыз екендігін көрсете білді. Жарыс соңында бас төреші К.Нақышпанов пен қапталдағы төрешілер С.Құлжабеков, Ш.Акбаровтар жеңімпаз жас таэквондошыларды арнайы дипломдармен марапаттады.