Жас ұрпақтың бойына ұлттық құндылықтарды сіңіруде аналардың алар орны ерекше – Р.Кенжеханұлы

37

0

Жас ұрпақтың бойына ұлттық құндылықтарды сіңіруде аналардың алар орны ерекше - Р.КенжеханұлыҚорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің Студенттер
сарайында Қазақстан халқы Қызылорда облыстық ассамблеясы хатшылығының
ұйымдастыруымен облыстық ассамблея жанындағы Аналар кеңесінің
мәселелеріне арналған облыстық семинар болып өтті. 

Семинарға  Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығының сектор меңгерушісі Назипа Ыдырысқызы Шанаи, сондай-ақ аудан,
қала әкімдерінің орынбасарлары, аудандық, қалалық ішкі саясат
бөлімдерінің басшылары, облыстық Аналар кеңесінің мүшелері, этномәдени
бірлестік жетекшілері, ғалымдар, толеранттылық клубтарын құрған
мектептердің директорлары, үкіметтік емес ұйымдар өкілдері қатысты.

 Бұл туралы облыстық Ассамблея хатшылығының баспасөз қызметі хабарлады.

Семинарды облыс әкімінің орынбасары
Р.Кенжеханұлы ашып, аймақта этносаралық татулық пен қоғамдық келісімді
сақтауға бағытталған игі істер, Қазақстан  халқы облыстық ассамблеясының
хатшылығының атқарып отырған жұмыстарына қысқаша тоқталып, семинарға
сәттілік тіледі.

Жас ұрпақтың бойына ұлттық құндылықтарды сіңіру,
оларды отансүйгіштікке, қазақстандық патриотизмге, толеранттылыққа
тәрбиелеуде аналардың алар орны ерекше. Осы ретте, ассамблея жанынан
құрылған Аналар кеңестері айтарлықтай роль атқаруда.

Облыстық ассамблея жанындағы Аналар кеңесінің
құрамында этномәдени бірлестік, үкіметтік емес ұйымдар өкілдері,
мемлекеттік қызметшілер және беделді,  белсенді зейнеткер аналар бар.

Бұдан соң ҚР Президенті Әкімшілігінің Қазақстан
халқы Ассамблеясы Хатшылығының сектор меңгерушісі Назипа Ыдырысқызы
Шанаи семинарға қатысушыларға арнайы дәріс оқыды, қойылған сұрақтарға
тұщымды жауап берді.

Ардагер ұстаз Т.Сейітжанова, облыстық ассамблея
жанындағы аналар кеңесі төрайымының орынбасары Н.Мұсаева, облыстық
ассамблея төрағасының орынбасары, корей этномәдени бірлестігінің
төрайымы Е.Ким, «Ақтоған» ауылдық округінің әйелдер кеңесінің төрайымы,
көпбалалы ана Б.Нәлібаева,  «Күнекей» балабақшасының меңгерушісі
С.Қасенова, «Славяне» қоғамдық-мәдени бірлестігінің белсенді мүшесі
А.Трынова, «Русская община» қоғамдық бірлестігінің облыстық филиалының
белсенді мүшесі Т.Шрамкова өз пікірлерін білдірді, атқарып жатқан
жұмыстарын ортаға салды.

Семинар соңында Қазақстан халқы Ассамблеясы
Хатшылығының сектор меңгерушісі Назипа Ыдырысқызы Шанаи бірқатар
азаматтарға Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына арналған
мерекелік медалін табыстады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз