Жас шахматшылар сайысқа түсті

59

0

Жас шахматшылар сайысқа түстіЖақында Қызылорда қаласында еңбек ардагері Аралбай Махамбетовты  еске алуға арналған шахматтан жасөспірімдер арасында ҚР Кубогының алғашқы кезеңі аяқталды. Оған Астана, Алматы қалалары мен Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Жамбыл, Павлодар, Қостанай, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарынан 147 шахматшы қатысты.   
Биыл үшінші мәрте ұйымдастырылған ел кубогында 6 және 14 жасқа дейінгі жасөспірім ұлдар мен қыздар шеберлік байқасты. Жарыс швейцар жүйесі бойынша әр ойыншыға екі сағат уақыттан берілді. 17 мамыр күні халықаралық гроссмейстерлер Нұрлан Ибраев пен  Әнуар Ісмағанбетовтың қатысуымен шеберлік класы өткізілді. Алты күнге созылған жарыстың қорытындысы бойынша командалық есепте  Астана қаласының командасы бірінші орынды жеңіп алды. Екінші орынды Қызылорда облысының командасы иеленсе, үшінші орынға Астана қаласының екінші командасы ие болды. 
«А» тобындағы 14 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында астаналық Жандос Ағманов топ жарса, Айбек Катенов 2-орынды (Астана қ.), Бағдәулет Сүйіндікұлы (ОҚО) 3-орынды еншіледі. «В» тобындағы 10 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында Қазыбек Нөгербек (Астана қ.), 1-орын, Назерке Нұрғали (Қызылорда обл.) 2-орын, Елімжан Қали (Астана қ.) 3-орынды жеңіп алды. 
«А» тобындағы қыздар арасында қызылордалық Әсел Серікбай пен 2002 жылы туылған жасөспірімдер арасында Руслан Салимов (Қостанай обл.) жеңімпаз атанды.  «В» тобындағы қыздар арасында Лаура Әбділдаева (БҚО) мен 2006 жылы туылған жасөспірімдер арасында Алдияр Аңсат (Қызылорда обл.) 1-орынды иеленді. 
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз