«Жас құтқарушылар» жарысты

53

0

«Жас құтқарушылар» жарыстыЖаңақорған ауданының азаматтық қорғау гарнизонының қызметкерелері мектеп оқушыларының арасында төтенше жағдайлардың алдын алу мен өрт қауіпсіздігін насихаттау мақсатында №110, №125, №163 орта мектебінің жанынан құрылған «Жас құтқарушылар» командаларының арасында сайыс өткізді.
Оқушылар арасында бұқаралық құтқару жұмыстарын жандандыру, өскелең ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеу, салауатты өмір салтын қалыптастыру секілді мақсатты көздеген жарысқа командалар белсенді қатысты. Оларға алғашқы өрт сөндіру құралдары мен олардың қолдану тәсілдері түсіндіріліп, ҚР ІІМ ТЖК Көкшетау техникалық институтының тыныс-тіршілігі жайында бейнероликтер көрсетіліп, жадынамалар таратылды. Сайыс соңында жеңімпаздар марапатталды.
 
Жаңақорған ауданы ТЖБ

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз