Жас жігіт мешіттегі садақа жәшігінен ақша ұрлап, хат қалдырған

67

0

Пәкістанда жас жігіт мешіттегі садақа жәшігінен ақша ұрлап кетті, – деп жазады Қамшы ақпараттық агенттігі stan.kz сілтеме жасай отырып.
Ұры жәшіктен 50 000 рупий (шамамен 157 мың теңге) алған. Жігіт бұл іске ұрлық деп қарамауын, істі ушықтырмауын сұрап хат жазған. Хатында мұның «Алла мен оның арасындағы іс» екенін айтқан. “Мені іздемей-ақ қоюларыңызды өтінем. Бұл ақшаға мұқтажбын. Сондықтан біреуді тонамай, Алла үйінен алдым. Бұл мені мен Оның (Алла) арамыздағы іс”, – деп жазылған хатта.
Жергілікті тұрғындар ұрының бұл хатына түсіністікпен қарап, имамнан оны кешіре салуын сұрауда.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз