Жасотандықтар ардагердің үй жұмыстарына көмек берді

69

0

Жасотандықтар ардагердің үй жұмыстарына көмек берді«Жас Отан» Жастар қанаты Қызылорда облыстық филиалының белсенділері «Ұрпақтар сабақтастығы» акциясы аясында Ұлы Отан Соғысының ардагері Ыдырыс Қалиевпен кездесіп, қарт майдангердің үй ауласының жұмыстарына көмек көрсетті.
«Нұр Отан» партиясы ардегерлерді ешқашан назардан тыс қалдырған емес. Партияның «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы аясында жасотандықтар мен еріктілерден құралған топтар бүгінгі күнге дейін барлық ардагерлермен кездесіп, қолдан келгенше түрлі қамқорлықтар жасап келеді. Онан бөлек олардың сонау зұламат жылдардағы елге, жерге, Отанға деген еңбектерін санамызға сіңіріп, замандастарымызға насихаттаудамыз. Үлкенге құрметпен қарау – бұл біздер үшін үлкен өнеге», – деді шара барысында «Жас Отан» ЖҚ Қызылорда қалалық бөлімшесінің басшысы Талғат Тілес.
ҰОС-ның ардагері Ыдырыс Қалиев – өңіріміздің дамуына елеулі үлес қосқан ардагер, қоғам қайраткері, Қызылорда қаласының құрметті азаматы. СОКП орталық Комитеті жанындағы жоғары партия мектебін бітірген. 1950–54 жылдар аралығында Қазалы локомотив депосы «Теміржол» саяси бөлімінде, Қызылорда облысы партия комитетінде жауапты қызметтер атқарған. 1954 жылы облыстық комсомол комитетінің 1-хатшысы. 1960–69 жылдарда Қызылорда қалалық партия комитетінің 2-хатшысы, Арал аудандық, Қызылорда қалалық атқару комитеттерінің төрағасы, 1969–73 жылдары облыстық партия комитетінің өндіріс және көлік бөлімінің меңгерушісі, 1973–78 жылдары Қызылорда қалалық атқару комитетінің төрағасы, 1978–82 жылдары Қызылорда қалалық партия комитетінің 1-хатшысы, 1982–87 жылдары облыстық атқару комитетінің төрағасы қызметтерінде болған. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесіне 2 мәрте депутаты. Еңбегіне сай «Отан соғысы», 2 рет «Еңбек Қызыл Ту», «Құрмет белгісі» ордендері және түрлі медальдармен марапатталған.
Ақсақал биыл 92 жасқа келеді. Қимылы ширақ. Жастармен сұхбаттасу барысында ол қимылының ширақтығын белсенді еңбекпен ұштастырып, кейінгі өскелең ұрпаққа жақсы білім алып, еңбектену қажеттігінде айтты. Сондай-ақ, халқымыздың сол ауыр заманда небір қиыншылықтарды басынан кешкенін, сол жылдардағы еліміздің жағдайын еске алып, жас ұрпақты бүгінгі бейбітшілік пен тоқшылықты қадірлей білуге шақырды. Алдағы уақытта елімізге тыныштық, егемендігіміздің мәңгі сақталуын тіледі.
Өз кезегінде белсенділерді бастап келген «Жас Отан» ЖҚ Қызылорда қалалық бөлімшесінің басшысы Талғат Тілес майдангерге ел үшін, келешек жастар үшін жасаған еңбектеріне үлкен алғыс білдірді. Керемет әңгімеден соң жасотандықтар ардегер тұрып жатқан үй ауласына тазалық жұмыстарын жүргізіп, қарияның ақ батасын алды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз