Жасөспірімдер арасында дзюдодан республикалық турнир аяқталды

52

0

Жасөспірімдер арасында дзюдодан республикалық турнир аяқталды20-21 маусым күндері Қызылорда облысы, Сырдария ауданы, Нағи Ілиясов
ауылында «Абзал және К» компаниясының жүлдесі үшін дзюдодан 1999-2000
және 2001-2002 жылдары туылған жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында
республикалық турнир өтті.

Биыл бесінші мәрте ұйымдастырылған турнирге
Атырау, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда
облыстарынан және Өзбекстан, Қырғызстан елдерінен 27 команда, 285
спортшы 18 салмақ дәрежесінде жүлделерді сарапқа салды. Бұл туралы
облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі
хабарлады.

Жарыстың салтанатты ашылуында облыс әкімінің
орынбасары Рауан Кенжеханұлы қатысушыларды құттықтап, сәттілік тіледі.
ҚР дзюдо федерациясының вице-президенті Асхат Житкеев Қазақстанның Еңбек
Ері Абзал Ералиевке дзюдо федерациясының алғыс хатын табыстаса, ҚР
дзюдодан мемлекеттік жаттықтырушысы Ержан Байжұманов елімізде дзюдо
спортын қарқынды дамытуға зор үлес қосқаны үшін Абзал Ералиев пен
облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Садық
Мұстафаевты ҚР спорт және дене шынықтыру істері комитетінің алғыс
хатымен марапаттады.

Турнир мақсаты – Елбасының Жолдауынан туындайтын
іс-шараларды жүзеге асыру мақсатында бұқаралық спортпен шұғылданушылар
санын арттыру, жастар арасында дзюдоны кеңінен насихаттау, жастарды
спортпен шұғылдануға тарту арқылы олардың бойында отансүйгіштік сезімді
қалыптастыру.

Аталмыш турнирден Қызылорда облысының спортшылары
42 жүлдені олжалады. Оның ішінде 11 алтын, 8 күміс, 23 қола жүлде.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер «Абзал және К» толық серіктестігінің диплом,
медаль, кубок және естелік сыйлықтарымен марапатталды.

Айта кетейік, дүбірлі дода Нағи Ілиясов аулында мемлекеттік-жеке әріптестік аясында салынған спорт кешенінде өткізілді.

Турнир жеңімпаздары:

1999-2000 жылдары туылған ұлдар арасында:

42 келі: Арыстан Құрақбаев (Қызылорда обл.)

55 келі: Мансұр Қуанышов (БҚО)

60 келі: Бегалы Рауан (Қызылорда обл.)

Қыздар арасында:

44 келі: Малика Алпысбай (Қызылорда обл.)

57 келі: Арайлым Ханзада (Қызылорда обл.)

63 келі: Арайлым Оразбай (Қызылорда обл.)

2001-2002 жылдары туылған ұлдар арасында:

30 келі: Жұмағали Дулатбек (ОҚО)

34 келі: Ерназар Ермеков (БҚО)

38 келі: Нұрдәулет Аманкосов (Қызылорда обл.)

42 келі: Айғали Қалдыбек (Қызылорда обл.)

46 келі: Жеңіс Қалдыбек (Жамбыл обл.)

55 келі: Медет Төлеген (ОҚО)

50 келі: Алмас Уәли (Жамбыл обл.)

Қыздар арасында:

36 келі: Наргиз Войсова (Қызылорда обл.)

40 келі: Жанерке Асқарова (Қызылорда обл.)

44 келі: Аружан Темірғали (Қызылорда обл.)

48 келі: Анель Мухан (Қызылорда обл.)

52 келі: Руфина Керешова (БҚО)

 

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз