Жастар адал болуға ант берді

57

0

Облыстық №4 дарынды балаларға арналған мектеп-интернатында «Рухани-адамгершілік және азаматтық-патриоттық тәрбиелеу, ¬сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті мектеп ортасында қалып¬тастыру» бағдар-ламасы аясында тұңғыш рет «Адал ұрпақ» еріктілер клубы қауым¬дасты-ғының облыстық слеті өтті.
Оған ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыс бойынша департаментінің басшысы Абзал Мұхимов, облыстық білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Құралай Ерташова, қалалық және аудандық білім бөлімінің мамандары мен 500-ден аса клуб мүшелері қатысты.
Шарада сөз алған А.Мұхимов ел келешегінің жарқын болуы бүгінгі жастардың қолында екендігін айта келе, жас буынды сыбайластық жемқорлықтан аулақ болуға шақырды. Ал, аталған шараның мақсатына тоқталған Құралай Сақтағанқызы қазіргі таңда «Адал ұрпақ» еріктілер клубында 6 мыңға жуық оқушы мүше екендігін жеткізді. Мұнан соң, тараптар сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру аясында меморандумға қол қойып, клубқа мүше жастарға төсбелгі тақты.
Айта кетейік, слет кезінде тақырыпқа сәйкес шығарма жазудан, сурет салудан, бейнеролик түсіруден оқушылар арасында сайыс ұйымдастырылды. Әділқазылар алқасы үздік туындыларды анықтап, жеңімпаздарды марапаттады. Көпшіліктің қатысуымен өткен шара соңында слеттің үндеуі тыңдалып, мектеп өнерпаздары патриоттық әндер шырқады.
 
Н.АЛПЫСБАЙҰЛЫ.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз