Жастар қарбыз жеуден жарысты

39

0

Қызылордада облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасы мен «Қызылорда – Ақиқат айнасы» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен қалалық демалыс орнында «Қарбыз FEST – 2014» тақырыбында тәлімгер жастардың қорытынды шарасы өткізілді, деп хабарлайды kyzylorda-news.kz.
Іс-шараның негізгі мақсаты жастар және жастар ұйымдары арасында достық қарым-қатынасты нығайту, жас тәлімгерлерді марапаттау болатын.
Айта кету керек, «Қарбыздық фестивалі» қаламызда биыл үшінші мәрте ұйымдастырылуда. Шара барысында қала тұрғындарына жаздың соңғы қарбыздарынан тегін дәм тату үшін арнайы дастархан жайылды. Сондай-ақ, қарбыз кесуден, қарбыз жеуден, қарбыз көтеруден сияқты қызықты сайыстар ұйымдастырылды. Шара соңында жаз бойы тәлімгерлік қызмет атқарған жастарға алғыс хаттар берілді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз