Жастар бабалар жолымен жүріп өтті

66

0

Жастар бабалар жолымен жүріп өттіЖаңақорған жастары бабалар ізімен жүріп өтті. Олар аудан аумағында орналасқан, жазиралы даламыздың сырын ішіне бүккен құпиясына бір үңілмекке жастар жолсапарға шықты. 
Бастамашы – аудандық ішкі саясат бөлімі. Ұйымдастырушы – «Ауған соғысы ардагерлері және патриот жастар» жастар қоғамдық бірлестігі. Аудан аймағы тарихи ескі қалашықтарға бай. Аудан әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, жастар әуелгі сапарды  Сығанақ қалашығынан бастады. Одан әрі қаншама жылдардан бері сабалаған жаңбырдың астын да, уілдеген желдің өтін де орналасқан, сонау ғасырлар тарихынан сыр тартқан Сауран қаласына тоқтады. Мұнан кейін жас саяхатшылар аттың басын Сырдың бойындағы бабалар мұрасына бұрды. Мұнда жігерлі жастар қауымы күмбезі менмұндалаған «Ақтас мешіті» мен «Айқожа ишан» кесенесінің тарихымен танысты. Соңғы нүкте «Хорасан-ата» кесенесіне тоқтап, тарихи жәдігерлерменде танысты. Жергілікті шырақшымен ере жүріп, бабалар рухына Құран бағыштап, жолсапарды түйіндеді. Айта кетейік, «Тарихымды танып білемін» атты тақырыппен ұйымдастырылған саяхатта аудандық тарихи-өлкетану музейінің ғылыми қызметкері Құралай Дәрмен гид қызметін атқарды. Саяхатқа кент, 26 ауылдық округтің жастар өкілдері қатысты.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз