Жастар Чернобыль ардагерлерімен кездесті

54

0

Жастар Чернобыль ардагерлерімен кездесті Биыл Чернобыль атом
электр станциясындағы ядролық апаттың орын алғанына – 30 жыл. Сол кезде батылдық
жасап, бауырлас халыққа қол ұшын берген азаматтардың ерлігін жас ұрпақ мәңгі
есте сақтауы керек. Осы мақсатта облыстық тарихи-өлкетану музейінде Чернобыль АЭС-ін
залалсыздандыруға қатысқан қызылордалықтармен кездесу өтті. «Бейбіт өмірдің
қаһармандары» деген атпен өткен басқосуға Әлиасқар Әукенов, Марат Қожақов,
Жұмабек Шахатов, Айтжан Оразбақов сынды Чернобыль ардагерлері қатысты. Сондай-ақ, олармен жүздесу үшін мектеп
оқушылары, студенттер келді.

Жиында жиналған көпшілік бүкіл әлемді дүр сілкіндіріп, қаншама адамның тәнін ғана
емес, жүрегінде де жара қалдырған, адамзатқа орны толмас қасірет әкелген
Чернобыль апатының тарихымен танысты. Ал апатты
залалсыздандыру үшін риясыз қызмет еткен азаматтардың ерлігіне таңдай қақты.
Сондай-ақ жастар батыр ағаларына көкейдегі сауалдарын қойып, апат салдарынан
қаза тапқан қаһармандарды үнсіздікпен еске алды.

Тарихқа шолу жасасақ, ХХ
ғасырдағы ең ірі техногенді апат деп саналған жарылыс 1986 жылдың 26 сәуірінде
орын алған еді. Апаттың зардабын жоюға сол кездегі КСРО елдерінен 600 мыңға
жуық ерікті мен әскери қызметкер тартылса, оның 35 мыңы Қазақстаннан екен.
Жалпақ әлемді дүр сілкіндірген осы бір алапат апат 10-нан аса елдің 145 мың
шаршы метр жерін ластаған. Радиоактивті түтіннің салдарынан, 100 мыңдай адам
мерт болып, қатысқан жандардың 80 пайызының денсаулығы сыр берген. Оның зардабы
қаншалықты ұзаққа баратыны әлі белгісіз қалып отыр.

 

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз