Жастар «Денсаулыққа – 7 қадам» жасады

49

0

Жастар «Денсаулыққа – 7 қадам» жасадыҚармақшы. Аудандық аграрлы-техникалық колледжде студенттер арасында жастардың денешынықтырумен шұғылдануға ынта-ықыластарын дамыту, жаман әдеттен арылту және салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында Дүниежүзілік денсаулық күніне орай «Денсаулыққа-7 қадам» ұранымен «Темекісіз өмір» атты спорттық сайыс болып өтті.
Сайыстың ашылу салтанатында облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы аудандық құрылымдық бөлімшесінің және аудандық емхананың психологтары Құралай Алданазарова мен Гүлжан Елпановалар сөз сөйлеп, Елбасының Жолдаулары аясында туындаған мемлекеттік «Саламатты Қазақстан-2015» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында орталықтың аудандағы бөлімшесі мен аудандық емхана тарапынан атқарылыр жатқан істер жайында айтып, спортшыларға сәттілік тіледі. 
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз