Жастар денсаулығы орталығының еріктілер слеті өткізілді

46

0

Бүгін Халықаралық еріктілер күніне орай, «Салауатты ұрпақ – Ұлт саулығының кепілі!» ұранымен Жастар денсаулығы орталығында еріктілер Слеті өтті. Жиынға қалалық және барлық аудандардың жастар денсаулық орталығының еріктілері қатысты. Жастар тек жақсы оқып қана қоймай, салауатты өмір салтын насихаттау арқылы қоғамның игілігі үшін жұмыс істеуге ынталы және әлемді мейірімді, бақытты етеді. Әрине бұл қуантарлық, себебі болашақ жастар үшін.
Кездесу барысында еріктілер өз тәжірибелерімен бөлісті, фотосуреттер мен видеожазбалар ұсынды, интеллектуалды ойындарға қатысты және жыл көлемінде белсенді жұмыс атқарған, ерекше көзге көрінген барлық еріктілерге облыстық жастар денсаулығы орталығының естелік сыйлықтары мен дипломдарымен марапатталды. Кездесу соңында еріктілер концерттік бағдарлама ұйымдастырды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз