
Байқауға бірінші кезең бойынша Дүр Оңғар ауылының «Жеті қазына», Иіркөл ауылының «Шапалақ», командасы Төребай би ауылының «Шаңырақ», Ақай ауылы «Алаш», командасы және Жосалы кентінен құралған Болашақ топтары бақ сынасты. Нәтижесінде ақтық сайысқа Дүр Оңғар ауылының «Жеті қазына» тобы жолдама алса, қалған топтарға ұйымдастырушылардың атынан дипломмен ынталандыру сыйлықтары табыс етілді. Аталған шараға аудан бойынша 300-ге жуық жастар қатысты.