Жастар форумы өтті

60

0

Жастар форумы өтті
Жастар форумы өттіҚызылорда қаласындағы «Болашақ» университетінде «Парасыз болашаққа. Бірге!» ұранымен жастар форумы өтті. Қаладағы ЖОО және колледж студенттерінің қатысуымен өткен шарада ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысы Абзал Мұхимов сөз сөйлеп, жастарды сыбайлас жемқорлықпен бірге күресуге шақырды.
Сонымен қатар, форумда «Нұр Отан» партиясы Қызылорда облыстық филиалы төрағасының орынбасары Әділбек Бөрібайұлы және «Болашақ» университетінің ректоры Үмбетов Өміртай студенттерге сыбайлас жемқорлықпен күресудің қоғам үшін маңызын түсіндірді.
800-ден аса адам қатысқан шара соңында жастардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы үндеуі жарияланды. 
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз