«Жастар-мәңгілік ел болашағы» атты жастар слеті

199

0

Қармақшы аудандық ішкі саясат бөлімінің мемлекеттік тапсырысы шеңберінде «Қорқыт елі – Қармақшы» жастар қоғамдық бірлестігі және «Қармақшы аудандық жастар ресурстық орталығы» КММ-нің  ұйымдастыруымен 2017 жылдың 20 қазан күні аудандық «Жыраулар үйінде» «Жастар-мәңгілік ел болашағы» атты жастар слеті өткізілді.
Слет аясында ауданның жастары 2 топқа бөлінді. 1-ші топ бойынша аудандық «Жас Отан» жастар қанатының төрағасы Айдынбек Скендіров, аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы Ғарышбек Нысанбаев және №121 мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Айбол Қозбақовтың қатысуымен Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы насихатталса, 2-ші топ жұмысын «Жастар денсаулығы орталығы» КММ-нің психологі Құралай Алданазарова жетекшілік етіп «Мәңгілік ел» жалпыұлтық идеясы – ұлт мұрасы» тақырыбында семинар-тренингі ұйымдастырылды.
Сонымен қатар, аудан әкімінің орынбасары Мәжит Самитов қатысып, аудан жастарымен кездесіп, еркін тақырыпта сұқбат жүргізді. М.Самитов өз сөзінде, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жастармен әр кездесу жиынында немесе басқосуында міндетті түрде жастарға өзінің ақыл-кеңесін беріп қана қоймай еңбек ету мен адалдықтың ұшқынын жағып, сүбелі сөздің төркіні мен орамды ойдың көркін келтіріп отырады. Бұл да артылған сенім, үкіленген үміт, жастарға жүк деп біліп, салмағын сезінгендеріңіз жөн.
Жастар мәселесі – ертеңінен үміті зор әрқайсысымыздың ойланарлықтай мәселеміз болуы тиіс. Қала берді, жастарымыздың өздері мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан қолдауларға үнемі белсенділік танытып, өздерінің де жастық күш-жігерін жұмсауға дайын болуы керек деп атап өтті.
Шара барысында жастар өз пікірлерін білдіріп, сұрақтарымен бөлісті.
Слет қорытындысы бойынша аудан көлемінде қоғамдық өміріне белсене араласып, еліміздің патриоты болуға шақырып, білімді жас ұрпақты тәрбиелеу жолында сүбелі үлес қосып жүрген жастарға аудан әкімінің алғыс хатты табыс етілді.
Аудан әкімінің қолдауымен жастарға орталық Азия мен Қазақстан жастар қозғалысын ұйымдастырушылардың бірі, шығыс жастарының көшбасшысы Қазалы ауданы Ғани Мұратбаев атындағы мемориалдық музейге жолдама табыс етілді. Слет соңында бір топ жас аталған музейде болып, Ғани Мұратбаев туралы тың мағұлматтарға тоқталып, Ғанидың өмір жолымен танысты. жақсы әсер алған жастар ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз