Жастар слеті

98

0

Жуырда Қармақшы аудандық «Жыраулар үйінде» «Қармақшы аудандық жастар ресурстық орталығы» КММ-нің  ұйымдастыруымен Аудан әкімінің орынбасары Мәжит Самитов қатысуымен «Жастар – мәңгілік ел болашағы» атты жастар слеті өткізілді.

Слет аясында ауданымыздың белсенді жастары  Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы насихаттады.

Оған қоса, «Жастар денсаулығы орталығы» КММ-нің психолгі Алданазарова Құрайлай жетекшілік етіп «Мәңгілік ел» жалпыұлтық идиясы – ұлт мұрасы» тақырыбында семинар-тренингі ұйымдастырылды.

Слет қортындысы бойынша аудан әкімінің орынбасары Мәжит Самитов,      ауданның қоғамдық өміріне белсене араласып, мемлекеттік жастар саясатын жүргізуге және жастардың әлеуметтік қорғалуы мен қоғамдық белсенділігінің артуына қосқан үлесі үшін Қармақшы аудандық пробация қызметінің аға инспекторы Жақсыбек Жүнісовты және басқада ауданымыздың белсенді жастарына аудан әкімінің алғыс хатты табыс етілді.

Ержан Әбілдаев,

Қармақшы аудандық

пробация қызметінің бастығы

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз