Жастар спорт ойындарының жеңімпазы

65

0

Жастар спорт ойындарының жеңімпазы   Маңғыстау облысы Ақтау қаласында  ҚР 4-ші Жастар спорт ойындары аясында таеквондодан жарыстар аяқталды. Дүбірлі бәсекеде қызылордалық спортшылар 12 жүлдені иеленіп, 460 ұпаймен жалпыкомандалық есепте бірінші орынды жеңіп алды.
Жекелей есепте Ботагөз Қапанова (52 келі) мен  Гүлмира Садықова (+68 келі) спорт ойындарының жеңімпазы атанды. 
Айым Тоғман (55 келі), Шамшат Ақберген (59 келі), Балнұр Сәрсенбай (63 келі), Дөнес Сыдықов (68 келі), Жандос Орынбек (73 келі) күміс жүлдеге ие болды. 
Алина Маметқали (42 келі), Эдуард Хван (45 келі), Зарема Музыкантова (46 келі), Гүлбала Абызбаева (49 келі), Рамазан Жеткерген (59 келі)спорт ойындарының  қола жүлдесін еншіледі. 
Сондай-ақ, команданы жарысқа дайындаған жастар арасында облыстың аға жаттықтырушысы  Нұрлыбек Сухан грамотамен марапатталды.  
Айта кетейік, 2013 жылы облыс құрама командасы 3-ші Жастар спорт ойындарында жалпыкомандалық есепте 2-орынды иеленген болатын.   
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз