
Жарыс шарты бойынша велоспортшылар орталық алаңнан Құмжиек ауылына жүріп өтіп, мәреге қайта оралуы тиіс болды.
Барлық санаттағы велосипедшілер арасынан бұл сында Дәурен Бекет үздік шығып, бірінші орын тұғырынан көрінді.
Тас жол және кросс велосипедтерінен өзге басқа велосипедтермен жарысқа қатысқандар арасында Нұрдәулет Күнділданың мерейі үстем болды.
Сондай-ақ сайысқа қатысқан Жаңбырбай Әбдіров, Олжас Сейтен, Ержігіт Серік, Ержан Бисенбаев және Мэлс Әбдірасулдарға «Ең үздік спорт киімі» номинациясы табысталды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!