Жастарға кеңес берді

63

0

Жастарға кеңес бердіҚызылорда облысының жастар сяасаты мәселелері басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-де Қызылорда облысының Әділет департаментімен ынтымақтастықты дамыту, жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында меморандумға қол қою рәсімі өткізілді. Сондай-ақ, шара аясында «Әділеттіктер кеңес береді» атауымен қатысушы жастарға кеңес беру шарасы ұйымдастырылды.
Қызылорда облысының Әділет департаментінің басшысы Қ.Сапаров қазіргі таңда жастарға заңды тұрғыда кеңес алудың қолжетімді екендігін атап өтті. Кеңес беру шарасына нотариалды контора мамандары, Әділет департаментінің бөлім басшылары, жеке сот орындаушылар қатысты.
Шара аясында 20-ға жуық жас өздеріне қажетті сұрақтары бойынша сала мамандарынан кеңес алды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз