ЖАСТАРДЫ КӘСІПКЕРЛІККЕ БАУЛУҒА БАҒЫТТАЛҒАН СЕМИНАР-ТРЕНИНГ ӨТТІ

87

0

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің «Бизнес START» орталығы Қызылорда қалалық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімімен бірлесіп қала жастарына семинар-тренинг өткізді. Оған Оксфорд және Сакария универсиетінің профессоры доктор Мұстафа Оздемир, кәсіпкерлер, студенттер мен қала жастары қатысты.

Шара жастарды кәсіпкерлікке баулу, жұмыссыздықтың алдын алу мақсатында ұйымдастырылды. Семинар барысында қатысушыларға мемлекеттік бағдарламалар, жобалар насихатталып, шетелдік жас кәсіпкерлердің жаңа жобаларынан тәжірибелер ұсынылды.

Сонымен бірге семинарда көшбасшылыққа байланысты тренинг, SSM маркетинг-семинар, шеберлік сыныбы ұйымдастырылып, Оксфорд және Сакария универсиетінің профессоры доктор Мұстафа Оздемир «Education – Entrepreneurship – Succeess relations» (Білім мен кәсіпкерлік арасындағы табысты қатынас) тақырыбында баяндама жасап, шетелдегі кәсіпкерлер тәжірибелерімен бөлісті. Өз кезегінде Қызылорда қалалық мәслихат депутаты, кәсіпкер Нурболат Ибраев кәсіпкерлікке қызығушылық танытқан жастарға ұсыныс – пікірін білдірді.

Қорытындысында жастар Оксфорд және Сакария универсиетінің профессоры доктор Мұстафа Оздемир мен жиынға қатысқан кәсіпкерлерге көкейлеріндегі сауалдарын жолдап, тұшымды жауаптар алды. Сондай-ақ шара соңында барлық қатысушыларға сертификаттар табысталды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз