Жақсы жұмыс – жанға тыныс

48

0

«Еңбек күні» мерекесіне орай Әйтеке би кентінде сенбілік  өткізілді. Кенттің орталық көшесінен бастап, Жеңіс паркі, Жанқожа кесенесі, 5 мөлтек аудандарының көшелері қамтылды. Ауа-райының қолайсыздығына қарамай Жанқожа кесенесінің аумағында аудандық денсаулық саласы мекемелері мен мектеп ұжымдары, аудан әкімдігіне қарасты дербес бөлім қызметкерлері  кесенеге кіре-берістен бастап, бөлінген аумақтарды шөптерден тазарту, талдардың түбін кесу, қоқыстарды шығару жұмыстарын жүргізді.

Жеңіс паркіне аудандағы теміржол саласына қарасты мекеме ұжымдары, тазарту жұмыстарын жүргізді. Бұдан басқа Әйтеке би, Жанқожа, Қ.Пірімов көшелері бойына техникалық оқу орындары мен әлеуметтік салада жұмыс жасайтын мекеме ұжымдары сенбіліктер өткізді.

Жалпы бір күнгі шара барысына 800-ге жуық белсенді халық қатысты. Және 37 мекемеден 350 адам, 4 техника қатыстырылып, 120 м/куб қоқыстар сыртқа шығарылды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз