Жасыл энергия туралы жаз да, ЭКСПО-2017 билетін ұтып ал!

72

0

Жасыл энергия туралы жаз да, ЭКСПО-2017 билетін ұтып ал!Көрменің қызықтары жалғасуда. ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіндегі Малайзия павильоны қазақстандықтар үшін арнайы байқау ұйымдастырды. Оған еліміздің кез келген тұрғыны қатыса алады, деп хабарлайды Егемен Қазақстан басылымы.
Баспасөз орталығында өткен басқосуда малайзиялық павильон директорының орынбасары Лу Тук Ги «1 пост = 1 Ватт» науқандық шарасының жарияланғанын мәлімдеді. Белгіленген шартқа сай, шарада әрбір қатысушысы «Facebook», «Instagram» және «VK» әлеуметтік желілеріне жасыл энергетика, жасыл технология тақырыптарында пост жариялап, оны #MyButter­flyEffect хэштегімен белгі­леп, көрсетулері керек. Ұйым­дас­тырушылар осындай қадаммен әлемде жасыл технологиялар идеясын насихаттамақ. Павильонның баспасөз қызметкері Мәлік Көш­мұ­ха­новтың айтуынша, жасыл технология және күн энергиясы тақырыбында әсерлі пост жазған Қазақстанның 2 азаматы елордада өтіп жатқан ЭКСПО-2017 көрмесін тегін тама­шалай алады. Байқау шарттарын егжей-тегжейлі түсіндірген ол былай деді: «Әлеуметтік желіде жасыл технологиялар және күн энергиясы жайында бір пост жазып, #MyButterflyEffect хэш­тегін көрсету қажет. Мақсат – жасыл энергия көздерінің тиім­ділігін паш ету. Ең әсерлі пост жазған екі қазақстандық халық­аралық көрмеге тегін қаты­сып, қызықтай алады. Барлық шығынды, яғни Ас­тана қаласына келіп-қайту жо­лақысын, ЭКСПО-2017 халықа­ралық көрмесіне кіру би­летін Малайзия өкілдігі көте­реді. Оған еліміздің кез келген тұрғыны қатыса алады. Олар үшін байқау 30 шілдеде аяқталады». Аталған шараға Малайзия азаматтары да қатыса алады. Оларға да қойылатын талаптар жоғарыдағыдай. Алайда, малайзиялықтар үшін байқау 10 шілдеде аяқталады.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз