Құжаттар жинағының таныстырылымы өтті

52

0

Құжаттар жинағының таныстырылымы өтті2017 жылғы 30 мамырда Қызылорда қаласындағы Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап кітапханасында «История Казахстана. 1917-2012. Документы и материалы» құжаттар жинағының таныстырылымы өтті.
Шараға ҚР Президенті Әкімшілігінің Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының өкілдері, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, Қазақстан Республикасы Президенті Архивінің қызметкерлері, ҚР Президенті жанындағы «Қоғамдық келісім» РММ,этно мәдени бірлестіктердің өкілдері, Мемлекет тарихы институтының қызметкерлері, Ә. Тәжібаев атындағы. облыстық әмбебап кітапханасының қызметкерлері, БАҚ және т.б. қатысты.
Сонымен қатар таныстырылым шеңберінде «Ассамблеядан теңдессіз сый» – «Дар от Ассамблеи народа Казахстана» акциясы өтті.
«Бүгін облыстық кітапханада осындай маңызды іс-шара өтіп жатыр. Өз басым «Тарихтан тағылым – өткенге тағзым» форумын ұлттық бірлікті нығайтуға бағытталған игілігі мол жоба деп білемін. Осы форум аясында Ассамблея кітапханамызға теңдессіз сый жасап жатыр. Бұл кітаптар ұрпақтан ұрпаққа жетіп, тарихтан сыр шертіп, облысымыздың рухани қазынасын айналады. Қазіргі кезде кітап оқу және кітапхананы қолдау – бұл бүгінгі қоғам дамуының басты мақсаттарының бірі. Тәуелсіз еліміздің нығаю мен өркендеу жолындағы Қазақстан халқы Ассамблеясының қажырлы еңбегіне табыс тілеймін», – деді өз сөзінде Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапхананың директоры Нұржамал Мырзамұратова.
ҚР Президенті Архивінің құжаттары бойынша шығарылған «История Казақстана. 1917–2012» хрестоматиясы Қазақстан халқы Ассамблеясымен бірлесіп даярланды. Кітапты таныстыру «Тарихтан тағылым, өткенге тағзым» форумы жұмысының шеңберінде өтеді.
«История Казахстана. 1917-2012. Документы и материалы» құжаттар жинағы Қазақстанның жаңа және қазіргі заман тарихы кезеңдерін қамтыған, қоғам дамуының түрлі мәселелеріне қатысты есептер, қызметтік хаттар, шолулар мен мемлекеттік, саяси және қоғам қайраткерлерінің жеке қорларынан алынған деректерден тарады.
Хронологиялық принцип бойынша құрастырылған хрестоматия жоғарғы оқу орындарына арналған «Қазақстан тарихы» курсының типтік бағдарламасына сәйкес келедіжәне Қазақстан қоғамының ХХ ғ. басынан 2012 жылға дейінгі дамуының барлық негізгі кезеңдерін қамтиды. Хрестоматияның «Қазақстан кеңестік дәуірде», «Тәуелсіз Қазақстан» тарауларының өзі: тоталитарлық жүйенің қалыптасуы және 1917–1940 жж. соғысқа дейінгі кезең, Қазақстан 1941–1945 жж. Ұлы отан соғысы жылдарында, соғыстан кейінгі және 1946-1985 жж. тоқырау, 1986-1990 жж. қоғамның демократиялық жаңаруы және 1991 жылдан бері тәуелсіздіктің қалыптасу кезеңдері тарихи кезеңдерге бөлінеді деген.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз