Жаяу жүргіншіні қағып, қашып кеткен

60

0

Жаяу жүргіншіні қағып, қашып кеткенЖаяу жүргіншіні
қағып, оқиға орнынан қашып кеткен жүргізуші жазасын алды. Қызылорда қалалық № 2
соты оған 2 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыруға үкім шығарды.

Оқиға Қызылорда
қаласындағы Желтоқсан көшесінде болған. Сотталған Б. есімді азамат өзінің жеңіл
көлігін көшеде 100 км\\сағ. жылдамдықпен басқарған. Жол ережесін елемей, қатты
жүйткітіп келе жатқанының кесірінен ол көшені кесіп өтпек болған жаяу
жүргіншіні қағып кетеді. Онысымен қоймай, жол-көлік оқиғасы болған орыннан
тайып тұрады. Ал жәбірленуші
ажал құшады.
Соттың үкімі бойынша сотталушы Қылмыстық кодекстің 296-бабының 2-бөлігімен кінәлі деп
танылды. Енді ол үш жылға дейін көлік жүргізе алмайды және екі жыл алты ай
мерзімге бас бостандығынан айырылды. Бұған қоса, сотталушы жазасын колония-қоныста
өтейтін болады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз