Жайдарманшылар «Арал айдынында» жолықты

58

0

Жайдарманшылар «Арал айдынында» жолықтыАрал ауданы әкімінің кубогы үшін «Арал айдынында» тақырыбында жайдарман ойындары ұйымдастырылды. 
Алғашқы рет ұйымдастырылып жатқан жастардың өнерін сынға салатын додаға Арал, Қармақшы, Қазалы, Жалағаш аудандарының көңілді тапқыш командалары қатысты. Әділ қазылардың қойған бағасын есептей келе І орын «Қармақшы құрамасы» командасы лайық деп танылып, оларға аудан әкімінің кубогы табыс етілді. Сондай-ақ,  «Жас Жалағаш» Арал ауданының «Азия» аралдық командалары жүлдегерлер қатарынан көрінді. Сонымен қатар ойыншылар «Үздік ойыншы», «Үздік команда», «Үздік әзіл» номинациялары бойынша да марапатталды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз