Жайылма қарбызының дәмі неге ерекше?

48

0

Жайылма қарбызының дәмі неге ерекше?Биылғы жылы Жаңақорған ауданы Жайылма ауылындағы 8 шаруа қожалық 405 гектар жерге қарбыз егуде. Қарбызды қаржы көзіне айналдыра білген ауыл халқы өз істерін жетік меңгеріп, бүгінде өнімді ерте пісіруге де қол жеткізді.
Жайылма ауылы Қарт Қаратаудың етегінде орналасқан. Ол жайында әңгіме қозғасақ ең алдымен дәмі тіл үйірер қарбыздың еске түседі. Тың топырақта өніп шығатын бұл өнімнің дәмі расында да ерекше. Сондықтан да болар, сонау ел шетінен келіп, Жайылманың қарбызын алып кететіндер баршылық. Айта кетейік, ерте көктемде қарбызды пленка астында бүркемелеп егетін ауыл халқы дайын өнімді шілде айында саудаға шығарады. Қарбыздың дәмінің ерекше болуы егін тың топырақта өніп, Қаратау етегінде орналасқан «Жиделі» су қоймасындағы таза тау суымен суғарылады. 
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз