Жайылмада жаңа мектеп салынуда

45

0

Жайылмада жаңа мектеп салынудаЖаңақорған ауданына қарасты Жайылма ауылдық округінде 2013 жылдың желтоқсан айынан бастап жаңа мектептің құрылысы басталды. Құрылыс мердігері «Дәнекер» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі құрылыс компаниясы. 
Бүгінгі күні құрылыстың екінші қабатының іргетасы қалануда. Мердігерлердің межесі бойынша жаңа мектеп осы жылдың қыркүйек айында пайдалануға берілмекші. Ауыл әкімінің айтуынша жаңа мектептің құрылысы ауқымды. Мектеп кең әрі еңселі сынып бөлмелерімен, спорт алаңымен, акт залымен, озық үлгідегі оқу құрал-жабдықтарымен жабдықталмақ. «Ең бастысы құрылыс жұмыстары барысында 20-ға жуық ауыл азаматы жұмысқа тартылған. Одан өзге мемлекеттік «Жұмыспен қамту -2020» бағдарламасы аясында 12 азамат қайта даярлау курстарына жіберілген. Оқыту курстары аяқталысымен бұл азаматтар да құрылыс жұмыстарына қабылданатын көрінеді» деп хабарлайды аудан әкімдігі баспасөз қызметі.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз