Жайылмалық диқандар 9000 теңгеден субсидия алады

44

0

Жайылмалық диқандар 9000 теңгеден субсидия аладыЖаңақорған ауданының тау беткейінде орын тепкен Жайылма ауылының қарбызы  тау суымен суарылып, тіл үйірер асқа айналады. Жаз айларында қарбыздар қолдан қолға тимейді. 
Дәмді дарбызды жаңақорғандықтардан бұрын кәсіпкерлер еліміздің солтүстік және орталық аймақтарының тұрғындарына тасымалдап пұлдауда. Алғаш болып пленка астында көлегейлеп баптаған «Жиделі» шаруа қожалығы (суретте) қарбыздың келісін 25 теңгеден сатуда. Бұл баға диқандар үшін көңілге қонымды, маңдай терді ақтайды.
–Жалпы ауылда диқаншылықпен айналысатын 8 шаруақожалығы бар. Сәуірден бастап қазан айының 1-не дейінгі мерзімде 210 адам маусымдық жұмыспен қамтылады. Біздің ауыл «Батыс-Еуропа Батыс-Қытай» автотабанының бойында орналасқан. Сондықтанда диқандар үшін ауылдың кіре-беріс қақпасы тұсына қауын-қарбызын сатамын дегендерге темірден бастырма соғып, жағдай жасаудамыз. –дейді, ауыл әкімі Т.Зейдалиев. 
Айта кетейік, барлық диқандар гектарына мемлекет тарапынан 9000 теңгеден жеңілдетілген субсидия алатын болады.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз