Жайылымнан 24 жылқы ұрланған

77

0

Осы жылдың 24 қарашасында Ішкі істер органдарына 50 жастағы аудан тұрғынынан Қоғалыкөл ауылына жақын Аңламас жайылымынан 24 жылқысының қолды болғаны жөнінде арыз түседі. Полиция қызметкерлері күдіктіні тез арада анықтап, оны ұстау шараларын ұйымдастырған. Қазір аудандық полиция бөліміне жеткізілген 36 жастағы азаматтың тағы осындай үш қылмысқа қатысы барлығы анықталып отыр. Аталған факті бойынша қазір тергеу жұмыстары басталды.

Сондай-ақ, осы жылдың 24-26 қарашасы аралығында мал ұрлығын болдырмау, оған қатысы бар азаматтарды анықтау мақсатында «Соғым» жедел-профилактикалық шарасы ұйымдастырылды.

Үш күндік шара аясында жұмыс тобы мүшелері үйлерді аралап, малды ұрылардан сақтаудың жолдары жайлы түсіндірме жасады.

Рейд барысында мал ұрлығына қатысты 7 факті анықталып, 3 қылмыстық топ ұсталды.

                                          Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз