ЖАЙЫҚТЫҢ АСЫЛ ТУҒАН АҚЫН ҚЫЗЫ

93

0

ЖАЙЫҚТЫҢ АСЫЛ ТУҒАН АҚЫН ҚЫЗЫМ.Мәметова
атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжінде Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі,
ақын Ақұштап Бақтыгереевамен «Жайықтың асыл туған ақын қызы” атты кездесу кеші ұйымдастырылды.
Кешке Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының облыстық филиалының төрағасы Сәдуақас Аңсатов,
Қорқыт ата атындағы ҚМУ-дың профессоры Меруерт Аңсатова және студенттер қатысты.

 

Шараны М.Мәметова атын­дағы Қызылорда гумани­тар­лық колледжі­нің директоры Әлима Әбдіхалықова ашып, білім ордасына арнайы ат басын бұрған ақынға алғысын біл­дір­ді. Сондай-ақ, колледж жанынан құрылған «Жас толқын” шы­ғар­­машылық клубы ақынның өлеңдерін мәнерлеп оқып, көпшілікке көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Кездесуде А.Бақтыгереева Сыр елін қаймағы бұзылмаған құтты мекен деп жоғары бағалап, ұлттық тәрбие, салт-дәстүр, атамекен жайында жазған өз шығармаларын оқыды.

– Өткенін ұлықтап, өшкенін жандыруды дәстүрге айналдырған Сыр елі қашан да тарихи тұлғаларға бай. Қай жағынан алсаң да қасиетті мекенге тіл тигізуге еш негіз жоқ. Бұл облысқа риза болатын себебім жергілікті халқы өз ана тілінде таза сөйлейді. Туған тілінің тұғырын төмендетпеген мекенді қалай жоғары бағаламайсың?! Сыр өңіріне келген сапарымды пайдаланып, кездесу ұйымдастырып жатқан оқу орнына алғыс айтамын. Естуімше, рухани орданың осы күнге дейін жеткен жетістіктері аз емес. Сол бағындырған белестеріңіз әлі де алар асуларыңыздың басы болсын демекпін, – деді А.Бақтыгереева.

Оқу орныныңжеткен жетістік­терін тілге тиек еткен ақын мұнан соң бірқатар оқытушылар мен студенттерге дипломдар мен арнайы алғыс хаттар табыс­тады. Сондай-ақ, жастарға ақыл-кеңесін айтты. Қа­рымды қаламгер өз сөзінде қазақ елінің болашағы ұлт­тық тәрбиеде екенін атап өтті. Кеш соңында айтулы ақын шығар­маларын сүйсініп оқитын қалың оқырманымен естелік су­ретке түстi.

Кенжетай БАЛҒАБАЙҰЛЫ.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз