Жазасын ауыстырды

71

0

 Жалағаш аудандық соты, Жалағаш аудандық пробация қызметінің сот үкімі бойынша бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалған жазаны Қылмыстық кодекстің тиісті бабының санкциясы шеңберінде бас бостандығына айыру түріндегі жазаға ауыстыру туралы ұсынысын қарады.

Алматы қаласы, Алмалы аудандық соты 2016 жылғы 5 сәуірде азаматша Ж-ны ҚР ҚК-нің 191-бабының 2-бөлігінің 1,3-тармақтарымен кінәлі деп танып 3 жыл 6 айға бас бостандығынан шектеуге үкім еткен.

Сот ұсынысты қарап, сотталған Ж-ның жазасының өтелмеген 1 жыл 3 ай 29 күн мерзімі дәл сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемелерінде өтеуге өзгертті.

Сотталған дереу сот залынан қамауға алынды.

Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

Жалағаш аудандық сотының баспасөз қызметі


Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз