Жібек \»Жасыл допта\» топ жарды

59

0

Жібек "Жасыл допта" топ жардыТараз қаласында теннистен 9-10 жасқа дейінгі ұлдар мен қыздар арасында «Жасыл доп» республикалық турнирі аяқталды.
Аталмыш сында жерлесіміз, «Нұрсәт» теннис орталығының тәрбиеленушісі
Жібек Әмірәлиева қыздар арасында шеберлік байқасып, жеңіс тұғырына
көтерілді. Ол жарыс барысында 6 ойын ойнап, алтауында да айқын
басымдықпен жеңді. Айта кету керек, бұл Жібектің осы турнирдегі бірінші
жеңісі.
Осының алдында Шымкент қаласында өткізілген «Қызғылт сары доп»
турнирінен қола жүлдені еншілген болатын. Жас спортшының алар асуы әлі
алда, дегенмен халықаралық жарыстарда Қазақстанның көк байрағын
желбіретіп, Әнұранын шырқату, Жібектің басты мақсаттарының бірі.
Ол енді үстіміздегі жылдың 25-26 шілде аралығында Шымкент қаласында болатын «Жасыл доп» турниріне қатысады.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз