Жедел жәрдем бригадалары кәсіптік сайыс өткізді

165

0

2016 жылы жедел жәрдем қызметін жетілдіру мақсатында қалалық, аудандық жедел жәрдем бөлімдері біріктіріліп, облыстық статус берілген болатын.
Облыстық медициналық жедел жәрдем станциясына бір мезгілде 30 шақыртуға дейін қоңырау қабылдай алатын «Көмек» бірыңғай ақпараттық жүйесі енгізілді. Облыс бойынша 106 бірлік санитарлық автокөліктерге бақылау жүйесін орнатылды (GPS).
ЖКО тіркелген жағдайда жедел жәрдем бригадасының жету уақытын азайту мақсатында картографирование жасалып, трасса бойындағы медициналық мекеме негізінде 12 тірек бекеттері ашылды.
Сонымен қатар, жедел жәрдем станциясында қосымша 5 бригада, аутсорсингке 10 автокөлік алынды. Және жыл аяғына дейін жалпы соммасы 25 автокөлік лизинг аясында алынады. Атқарылған жұмыс нәтижесінде жедел жәрдем бригадалардың жету уақыты 2 есеге төмендетіледі.
Сонымен қатар, Жедел-жәрдем станциясының мамандарының білім деңгейін анықтау және білімін жетілдіру мақсатында аттестациялау, жарақаттанған науқастарға алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша симуляциялық оқу-жаттығу жүргізілді.
Облыстық жедел жәрдемнің қызметін жетілдіруді күшейту мақсатында, І облыстық жедел жәрдем бригадаларының кәсіптік жарысы ұйымдастырылды. Облыс бойынша 14 бригада, кардиологиялық, акушерлік қан кету, тыныс жолдары аурулары және жол көлік, жарақаттану кезеңіндегі жедел қызмет жөнінде сайысқа түсті. Сайыс талаптары бойынша, шақырту түскен сәттен бастап, оқиға орныныа жету, медиицналық қызмет көрсетудің хаттамалық, тактикалық тәсілдері, науқастарды жеткізу кезеңдері саналды.
Сайысқа қатысушы бригадалар өзара тәжірибе алмасып, кәсіби біліктілігін дәлеледеді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз