Жедел жәрдем көлігі көбейеді

42

0

Жедел жәрдем көлігі көбейедіКелер жылы жедел жәрдем қызметінің материалдық-техникалық жағдайын жақсарту мақсатында 24 санитарлық автокөлік алынады. Бұл туралы бүгін облыстық коммуникациялар орталығында өткен баспасөз мәслихатында облыстық денсаулық сақтау басқармасының бөлім басшысы Баян Бурамбаева мәлімдеді, – деп жазады «Кызылорда ньюс» сайты.
Бұған дейін белгілі болғандай Қызылорда облысындағы жедел жәрдем қызметі пилоттық жобаға қосылған болатын. Бұл облыс аумағында тұратын халыққа және «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» дәлізі бойындағы жолаушыларға дер кезінде көмек көрсету қызметінің сапасын арттырады. 
– Облыстық статусқа ие болған жедел жәрдем қызметінің ауқымы да кеңейді. Жүйені құруға облыстық бюджеттен 19 млн теңге бөлінді. Оған санитарлық авиация қызметі қосылып, күрежол бойындағы төтенше жағдайларға да жедел көмек көрсетуге мүмкіндік туды. Қазір мамандандырылған 28 бригадада 1000-нан аса қызметкер жұмыс атқаруда. Дегенмен, ауа райының қолайсыздығы мен жедел шақырыстар санының көптігіне байланысты кейбір жағдайда жедел жәрдем қызметі кешігіп жетіп жатыр. Операторлардың іріктеуі бойынша ең бірінші балаларға, екіқабат әйелдерге, инсульт алып жатқандарға, төтенше жағдайлардан зардап шеккендерге, қан қысымы көтерілгендерге   көмек көрсетіледі. Қазір жедел-жәрдем қызметі толықтай  GPS пен қамтылған, қызметтің қай жерде, қашан болғандығы жазылып отырады, – дейді Баян Бурамбаева. 
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз