Жеңге мен қайынсіңлі жұптары сайысты

115

0

Жеңге мен қайынсіңлі жұптары сайыстыҚазалыда Наурыз мерекесіне орай жеңге мен қайын сіңлі арасында жұптық сайыс өткізілді. 
Онға жуық жұп қатысқан жарыста жеңгелер бойжеткендермен сырласып, қалың көпшілікке өздерін таныстырды. Қайын сіңлілеріне қолөнер бұйымдарын және ас мәзірін жасауды үйретті, өз өнерлерін ортаға салып, салт-дәстүрлерімізден көріністер көрсетті. Осындай шарттар бойынша сайысқа түскендер арасынан жеңгесі Мөлдір мен қайын сіңлісі Жансая байқаудың жеңімпазы атанды. «Бұдан өзге, қатысушылар «Ақылды келін, ақылды қыз», «Көрермен көзайымы», «Іскер келін, ісмер қыз», «Ибалы келін, инабатты қыз», «Өнерпаз келін, өнерлі келін» номинацияларымен марапатталды» деп хабарлайды аудан әкімдігі баспасөз қызметі.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз