Жеке адвокаттық кеңсе ашылды

66

0

Жеке адвокаттық кеңсе ашылдыКеше Қызылорда облыстық адвокаттар алқасының мүшесі, Мейрбек Даубалаевтың жеке адвокаттық кеңсесінің ашылу салтанаты өтті.
Қызылорда облысының Әділет департаментінің басшысы Қалдыбек Сапаров құттықтау сөз сөйеп, адвокат Даубалаевтың анасы Ұлбосын Рафиловамен бірге ашылу лентасын қиды.
Адвокаттық кеңсенің негізі мақсаты, аймақ тұрғындарының құқықтарының сақталу бағытында кеңестер беру, «Мемлекет кепілдік еткен заң көмегі» заңы аясында тегін қызмет көрсету және ақылы түрдегі қызметтер көрсету болып табылады.
Сонымен қатар, алдағы уақытта кеңсе аясында аймағымыздағы жоғары және арнаулы орта оқу орындарындағы заң факульттерінде білім алатын студенттерді іс-тәжірибеден өткізу және жастарға бағыт-бағдар беретін «Жас заңгерлер мектебі» орнын қарастыру жоспарланып отыр.
Қарапайым халықтың мұн-мұқтажын, талап-тілегін қанағаттандырып даулы мәселелерде әділ шешімін ұсына білетін, осындай білікті мамандар тізгінін ұстаған адвокаттық кеңсенің ашылуы халық үшін игілігі мол, құптарлық бастама деп білеміз.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз