Жеке құрамның саптық байқауы

84

0

Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы азаматтық қорғау полковнигі О.Бержанов №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің аумағында қысқы киімге көшуіне орай қызметкерлердің дайындығын анықтау үшін саптық байқау өткізді. Саптық байқау барысында сыртқы түрі, нысандық киім кию тәртібі, жетондар мен қызметтік куәліктер тексерілді. Азаматтық қорғау қызметкерлердің саптық түзеуге және саптық жарғының негізгі ережелерін білуге ерекше назар аударылды.
Бөлімшелердің басшы құрамының сыртқы киім кию тәртібін тексеру кезінде департамент бастығы О.Бержанов: «Саптық байқаулар тәртіпті, ұйымшылдықты және бөлімшелердегі тәртіпті нығайтуға ықпал етеді. Әрбір азаматтық қорғау офицері өзінің сыртқы келбетіне ерекше көңіл бөлуі тиіс, ұқыпты көрінуі керек және барлық киім-кешегінде айырым белгілері болуы қажет, өйткені олар өз бөлімшесінің жеке құрамының қызметкерлері үшін үлгі болып табылады», – деді.
Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз