Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі

236

0

Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңына сәйкес, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі ҚР Конституциясына негізделеді. Аталған заңның аясы ҚР әкімшілік құқықбұзушылық, қылмыстық-процессуалды, азаматтық-процессуалды заңнамасында қарастыру тәртібі көзделген  жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне қолданылмайды.    
Мемлекеттік қызметтерді көрсетуге қатысты сұрақтар бойынша түскен арыз-шағымдарды қарау мерзімі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен белгіленеді. 
Қарау үшiн өзге субъектiлерден, лауазымды адамдардан ақпарат алу не жергiлiктi жерге барып тексеру талап етiлмейтiн жеке және (немесе) заңды тұлғаның өтiнiшi субъектіге, лауазымды адамға келіп түскен күнінен бастап күнтiзбелiк он бес күн iшiнде қаралады. Қарау үшiн өзге субъектiлерден, лауазымды адамдардан ақпарат алу не жергiлiктi жерге барып тексеру талап етiлетiн жеке және (немесе) заңды тұлғаның өтiнiшi субъектiге, лауазымды адамға келiп түскен күнінен бастап күнтiзбелiк отыз күн iшiнде қаралады және ол бойынша шешiм қабылданады.
Қосымша зерделеу немесе тексеру жүргiзу қажет болған жағдайларда, қарау мерзiмi күнтiзбелiк отыз күннен аспайтын мерзiмге ұзартылады, бұл туралы қарау мерзiмi ұзартылған күннен бастап күнтiзбелiк үш күн iшiнде өтініш берушiге хабарланады.
       Қарауға жатпайтын өтініштер мыналар:
1) мұндай өтініште дайындалып жатқан немесе жасалған қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы не мемлекеттік немесе қоғамдық қауіпсіздікке төнетін қауіп туралы мәліметтер бар және мемлекеттік органдардың құзыреттеріне сәйкес оларға дереу жіберілуге тиіс жағдайларды қоспағанда, иесі бүркемеленген өтініш;
2) мәселенің мәні баяндалмаған өтініш.  Егер өтінішті қараусыз қалдыруға негіз болған жағдайлар кейіннен жойылса, субъект немесе лауазымды тұлға аталған өтінішті қайта қарауға міндетті.
Светлана ҚАЗБЕКОВА,
Қызылорда облысы бойынша 
мемлекеттік кірістер департаментінің 
бас маманы. 
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз