Жеңіл атлеттер жарысы

116

0

Жеңіл атлеттер жарысы
Жеңіл атлеттер жарысыҰлы жеңіске 72 жыл толуына арналған облыстық білім басқармасының ауыспалы кубогы үшін техникалық және кәсіптік білім беру оқу орындарының студенттері мен мектеп оқушылары арасында қала көшелерімен жеңіл атлетикалық аралас эстафетадан облыстық жарыс өтті. Жарысқа техникалық және кәсіптік білім беру оқу орындарының студенттерінен және мектеп оқушыларынан құралған 32 командадан жалпы саны 350-ден астам спортшылар өз шеберліктерін сынады.
Жарыстың мақсаты – жастар арасында жеңіл атлетика спортын облыс көлеміндегі жергілікті жерлерде одан әрі дамуы мен насихатталуы, жастардың дене тәрбиесімен және спортпен шұғылдануға насихаттау, салауатты өмір салты принциптерін қалыптастыру, дене шынықтыру және спортпен шұғылдануға тартып, жеңіл атлетика негізінде олардың денсаулығын нығайту, Қазақстан Республикасы Президентінің жолдауынан туындайтын міндеттерді жүзеге асыру, жастар арасында бұқаралық спортты дамыту, жас буынды ұлтжандылыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеу және Ұлы Жеңістің 72 жылдығы мерекесін жоғары деңгейде атап өту болып табылды.
Жарыс қортындыс бойынша: Техникалық және кәсіптік білім беру оқу орындары командалары арасында
І орын М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжінің командасы
ІІ орын Қызылорда медициналық жоғары колледжінің командасы
ІІІ орын Болашақ Университетінің колледжі командасы иеленді.
Жалпы білім беретін мектеп командалары арасында
І орын №198 орта мектеп командасы
ІІ орын №39 «Қызылөзек» орта мектебінің командасы
ІІІ орын П.Д.Осипенко атындағы №8 орта мектебінің командасы иеленді
Жарыс қорытындысына сай жүлдегер және жеңімпаз командаларды облыс әкімінің орынбасары Руслан Рүстемұлы құттықтап, жарыстың арнайы диплом және естелік кубоктарымен марапаттады.
Қызылорда облысының білім басқармасы
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз